Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
5
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

БҰҰ: Сириядағы қақтығыстардың қайта өршуіне тікелей Ресей кінәлі

Ресей тарапы оқ атпау туралы келісімді орындауға ынталы емес екенін ашық айтып отыр. Алеппоға жасалған әуе соққыларына қатысты Мәскеу ақталып әлек. «200 мың тұрғыны бар қала қазір толықтай лаңкестердің бақылауында. Олар әйелдер мен балаларды тірі қалқан ретінде қолданады.

Бірақ, соққы жасарда нақты нысана міндетті түрде нақтыланған» деп отыр Ресейдің Біріккен Ұлттар ұйымындағы өкілі. Осыған қарамастан Ұлыбритания мен Франция халық көп шоғырланған аудандарда фугастық және жанғыш бомбаларды пайдалану әскери қылмыспен пара-пар екенін ескертті.

Айта кетсек, кескілескен ұрыс Алеппода өткен аптадан бері жүріп жатыр. Үкімет әскері содырлардың бақылауындағы ауданға әуеден де, жерден де соққы жасауда.
8b6eb819-050c-4bda-a498-d61fe5cfab60_mw1024_mh1024_s

Дереккөз: КТК 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз