Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Бүйткен «Болашағы» құрсын! Баспанасын тартып алғаны аздай, енді баласының басын жұтқан ба?

Жалғызынан көз жазып қалған ата-ана ұлын сұрап, «Болашақ» бағдарламасының Астанадағы бас кеңсесіне дейін барыпты.

Бірақ ондағылар хабарсыз кеткен стипендиатты іздеудің орнына, қамкөңіл отбасын сотқа беріп, жалғыз баспанасын сот арқылы тартып алған.

«Соңғы рет ол маған 2011 жылы телефон соқты. Мені 8 наурыз мерекесімен құттықтаған болатын. Содан бері ұлымнан хабар жоқ. Жазбаған жеріміз, кірмеген есігіміз қалмады. Бірақ бір де бір мемлекеттік орган ұлымды тауып беруге күш салып жатқан жоқ», – дейді Ержанның анасы Зәйния Елікова.

Қазір 28 жасқа толған Ержан, төрт жыл бойында үйіне үздіксіз қоңырау шалып отырыпты. Жазғы демалыс сайын да елге келіп жүрген. Сондықтан телефоны сөніп қалғанда, ата-анасы онша күдіктене қоймаған. Бірақ елге оралатын уақыты жақындаған студент, сол бойы жоғалған. Университеті де іздемеген.„Сабаққа келмеді„ деп оны сырттай оқудан шығарып жіберіпті. «Болашақ» бағдарламасына да жауаптылар байланысқа шықпаған, студентке жүрдім-бардым қарап, стипендиясынан айырып қоя салған.

«Күйеуім күдіктеніп, бірден Астанаға жол тартты. Баланы «Болашақтың» кеңсесінен барып сұрады. Бірақ ондағылар жауап бере алмады. Біліп береміз деді де, баланың қайда екенін сол күйі айтпады», – дейді Зәйния Елікова.

«Болашақ» бағдарламасымен кеткен Ержанның жоғалғанына осымен бесінші жыл. Жалғызынан көз жазып қалған әкенің жазбаған жері қалмаған. Артынан АҚШ-қа өзі іздеп барайын десе, қалталарында қаржы жоқ. Қарапайым металлургтың тапқан табысы, шетел асуға жетпейді. Одан қоса отбасы қазір далада қалған. Өйткені жалғыз пәтерін «Болашақ» бағдарламасына жауаптылар оқудың өтемақысы ретінде сот арқылы тартып алған.

Оның үстіне тағы 20 миллион теңге қарыз артып қойған. Бірақ Еліковтер отбасы баспанасын алған «Болашақ» бәрінен бұрын баламызды қайтарса дейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз