Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Бүгінгі күнге дейін 66 757 адам арзан несиеге көлік сатып алған

Бұл индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асып отырған шара және жалғыз механизм емес. Бұдан да басқа бизнестi қолдауға арналған тетiктер бар, – деп хабарлады Қайсар Жұмабайұлы.

Сондай-ақ, министрлiктiң ресми өкiлi атап өткендей, елiмiздiң жалпы iшкi өнiмi құрылымындағы отандық автоөндiрiс кәсiпорындарының үлесi айтарлықтай. Мәселен, биыл бiрiншi жартыжылдықтың қорытындысы бойынша отандық автоөнеркәсiптiң Қазақстан экономикасындағы үлесi 36,6 млрд теңгенi құраған.

– Бұл өңдеушi өнеркәсiптiң бiрқатар негiзгi салаларындағы көрсеткiштен көбiрек. Мысалы, автоөнеркәсiптiң жалпы iшкi өнiмге қосқан үлесi жеңiл өнеркәсiп, қағаз өнеркәсiбi, фармацевтика, тоқыма өнеркәсiбi, электроника, жиһаз өндiрiсiнен әлдеқайда жоғары болды, – дедi ол.

Оның айтуынша, отандық автоөнеркәсiп индустрияландырудың екiншi бесжылдығының басым бағыттарының қатарына енгiзiлiп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз