Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
425
-0.08
EUR
501
+1.14
RUB
5.73
-0.04

Бүгін мұсылмандар қасиетті Миғраж түнін өткізеді

Пайғамбарымыздың таңғажайып сапары екі сағаттық уақыттан тұрыпты. Исра, яғни, түнгі сапар, Меккедегі әл-Харам мешітінен басталды. Бұл сапарда Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Жәбірейіл періште Жәннаттан алып келген әл–Бурақ (пырақ) атты ақ жануарға мініп, Жәбірейіл періштемен бірге Мәдина қаласы және Синай тауы арқылы бір мезетте-ақ әл-Ақса мешітіне  келіп жетеді. Ал, екінші сапар әл-Миғраж деген атпен белгілі, онда Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) әл-Ақса мешітінен көкке көтеріліп, Алла Тағаламен сөйлесу шарапатына ие болды.

„Шариғатымызда бұл оқиғаның құрметіне қатысты жасалатын арнайы бір құлшылық түрі жоқ, дегенмен, әрбір мұсылман бұл оқиғадан алынар ғибратты есіне алып, өз өмірінде соған сай амал етуі абзал болады„ делінген Аzаn.kz таратқан хабарламада.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз