Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

„ҚазАгро„ холдингі аграрлық инвестициялар қорын құрғалы жатыр

Тiкелей инвестициялар қоры биылғы жылдың соңына дейiн құрылады. Қордың басқарушы компаниясы – FPP Asset Management LLP. Бұл компанияның тікелей инвестициялар қорын басқарудағы тәжірибесі мол.

– Қордың мақсаты – қазіргі уақытта ресурстар жетпей жатқан қолданыстағы агроөнеркәсіптік кешені жобаларын дамыту, сондай-ақ мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, жеміс-көкөніс шаруашылығы, балық өсіру, сүт өндірісі, дәнді және май дақылдарының өндірісі мен ауылшаруашылық техникасын құрастыру сияқты бағыттар шеңберінде жаңа жобаларды қаржыландыру», – дедi ол.

Бұдан бөлек, қазiргi уақытта қанатқақты жоба – қазақстандық-венгриялық тiкелей инвестициялар қоры iске қосылған. Оның бастапқы капиталы 40 млн АҚШ доллары, бұл көрсеткiштi 150 млн АҚШ долларына жеткiзу көзделген.

Қордың басқарушы компаниясы – ADM Capital. Ол Қазақстанда ауыл шаруашылығының астық өндірісі және өңдеу, мал шаруашылығы, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу сияқты секторларында 100-ден астам түрлі инвестициялық жобаны қарады.

Қазіргі уақытта 3 жоба мақұлданған. Олар – Ақмола облысындағы сүт-тауарлық ферма және минерал тыңайтқыштарын шығару зауыты, сондай-ақ Ақтөбе облысындағы жылыжай кешені.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз