Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақ жігіті тікелей эфирде моңғолдың сұлу әншісін Молдабайдың әнімен „сындырды„ (видео)

166

Қазір бұл видео ғаламторда кеңінен тарап, оны талқылаушылар екі мәселеге баса назар аударып жатыр. Бірінші кезекте, Нұрбектің домбыраны шебер орындауы, оның әрбір іс-қимылының құпиясы сөзге ілік болуда. Домбыраның ішегін үрлеп те әуенге бөленуге болатыны елді таң қалдырған.

Екінші кезекте – осындай шебер орындаушы қазақ жігітіне төреші қыздың ғашық болуы. Қыздың ғашықтығынан бұрын, жігіттің оған берген жауабы сан-саққа жүгіртіліп жатыр.

Қазылар алқасындағы танымал скрипкашы Дегий тікелей эфирде әнші Нұрбекке “Маған қаншама жігіттер ғашық болды. Сен маған ғашық болмайсың ба?” деп ұсыныс айтты.

Ал Нұрбек “Алдымдағы жарықтан көрмей тұрмын. Жаныңызға барып жүзіңізді көрейін” деген. Төрешілерден рұқсат алып, саханадан түсіп, өзіне ғашық болып отырған төреші Дэгийге жақындаған ол сыпайылық ізетпен бір ауыз сөзбен оған ән арнады. Содан кейін жігіт:

“Қазір студентпін. Махаббатпен бас айналдырар уақытым жоқ. Бар зейінімді сабағыма бөліп жүрмін. Оқуымды бітірген соң бұл сұраққа жауап іздеймін»

деп жауап берген.

Мұндай жауапты күтпеген қазылар алқасындағы скрипкашы қыз өкпелеп, оған дауыс бермей қойды. Алайда қалған үш төреші:”Еш айтар сөзіміз жоқ, таңғажайып талант, дарын сенсің” деп, біздің жігітті келесі кезеңге өткізіп жіберді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз