Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
9
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
6.04
0.00

Қазақстандықтар тойда алған сыйлығын заңды екенін дәлдеуі тиіс болады

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

– Сыйлықтың қайдан келгенін құжат түрінде рәсімдеген жөн. Біз ірі табыстың келген көзін дәлелдеу керек екенін ұғынуымыз қажет. Егер маған үйлену тойыма құны 3,9 миллион теңгеден асатын автокөлік сыйласа, мен оны декларациялауым керек. Бағалы сыйды кім тарту еткенін заңды түрде тіркеуім қажет. 160 төмен айлық көрсеткіштен асатын (3,65 миллион теңге) барлық кіріс декларацияланғаны жөн. Егер маған 100 адам қосылып 4 млн сыйласа, ертең мен декларация ұсынғанда мұндай қомақты ақшаны кім сыйлағанын айта алмай, дəлелдей алмасам, бұл онда ақша жылыстату болады. Бұған жол бермес үшін бәрі ашық болғаны абзал, – дейді Қаржы министрлігі қарамағындағы мемлекеттік кірістер комитетінің методология басқармасының басшысы Дмитрий Шинкаренко.

Оның айтуынша, егер азамат табысының қайдан келгенін дәлелдей алмаса, онда оның сыйлығына салық салынады.

– Егер маған үйлену тойыма 4 миллион теңге сыйға тартып, мен ол ақшаға көзге көрінетін дүние сатып алсам, әрине, мұның сұрауы болады. Яғни, менде ешқандай табыс жоқ, алайда мен 4 миллион теңгеге ресми түрде бір нәрсе сатып алдым. Бұл ақшаның қайдан келгеніне қатысты сұрақтар туындайтыны хақ. Сол кезде мен оның сыйлық екенін, ақшаның заңды айналымда екенін, ешкімнен жымқырмағанымды дәлелдеуге тиіспін. Сондықтан да кез келген жеке тұлға өзінің заңды әрекетін тіркеп жүргені дұрыс, – деп толықтырады ол өз сөзін.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз