Нұр-Сұлтан
Қазір
-21
Ертең
-20
USD
436
0.00
EUR
494
0.00
RUB
5.69
0.00

Қазақстанда мектептер қағаз түріндегі күнделіктерден бас тартады

Сонымен қатар, Григорян жобаның еліміздің барлық облысында және ауылдық жерлерде де жұмыс істейтінін атап өтті.

“Интернет-портал қандай да бір құрылғыны орнатуды талап етпейді. Бұл жоба мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауына септігін тигізеді. Ата-аналар балаларымен тікелей байланыста бола алады. Электрондық күнделік тек оқу материалдарынан емес, сондай-ақ, ойын-сауық мазмұнындағы материалдармен қамтылған”, – деді жоба авторларының бірі.

Оның айтуынша, бүгінде 7500 мектептің 2500-і интернетпен қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, жобаның құны 30 миллиард теңге болды. Оның айтуынша, уақыт өте келе еліміздегі барлық мектеп әдеттегі қағаз түріндегі күнделіктерден бас тартады. “ҚР БҒМ құжаттарды электрондық формаға ауыстыруды қолдап отыр. Расында, қағаз түріндегі журналдар қолданыстан шығып жатыр. Енді барлық ақпаратты онлайн көруге болады”, – деді жобаның авторы.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2022 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз