Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақстанда iPhone ұялы телефоны алғаш рет жарылды

133

Мария Есенгельдина iPhone ұялы телефонын өткен жылдың 25-қазанда Sulpak дүкенінің Қостанайдағы филиалынан сатып алған. Ол биыл 27-қарашада жарылып кеткен.

“Менің баламның зардап шегуі мүмкін еді. Егер ол жанымда болғанда не істерімді білмес едім. Егер мен телефонмен сөйлесіп тұрғанда жарылса қайтер еді? Онда көзсіз, құлақсыз қалар ма едім?!” – дейді болған жайттан әлі есін жия алмаған қостанайлық келіншек.

Қазір Есенгельдина телефоны жарылған сәтте сол қорқынышты кезді видеоға түсіріп алмағанына өкінеді. Есім шыққаны сондай, ол басыма келмепті дейді қостанайлық. Телефон несиеге алыныпты, құны – 250 мың теңге.

Есенгельдина ақшасын қайтарып алу үшін заңгерлер көмегіне жүгінгенін айтады.

“Дүкенге барып, ақшамды қайтарыңдар дедім. Бірақ олар бас тартты. Себебі кепіл берілген бір жылдық мерзім өтіп кеткен екен. Бірақ телефон өзі жарылып кетті ғой, оны мен жарған жоқпын. Барлық құжатты көрсеттім. Қазір онымен заңгер айналысып жатыр. Қаншама ақшаға аласың, ал телефоның бір жыл бір ай-ақ қызмет көрсетеді, сұмдық қой”- дейді Мария.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз