Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстанда есірткіге қарсы күрес қарқынды жүргізілуде

«Жыл сайын Ішкі істер органдары орта есеппен 3 мыңға жуық есірткі қылмысын анықтайды. 30 тонна есірткі, оның ішінде 150 келі героин алынады. Қазақстанда шешімін таппаған осы салаға қатысты 2 проблема бар. Біріншіден, еліміздің аумағы арқылы ауған героины тасымалданады. Бұл есірткі Ресейге, кейін Еуропа аумағына жеткізіледі. Алайда осы есірткілердің бір бөлігі елімізде қалады. Сондықтан біздің алға қойған басты міндетіміз – есірткі контрабандасымен күресу, ірі есірткі саудалаушыларды ұстау мен ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресу. Осы бағытта бірнеше мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылды. Бюджеттен бөлінген қаржыға оңтүстіктегі шекараны күшейтуге, шекара мен кеден қызметінің жұмысын тиімді етуге жұмсалды», – деді министр.

Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, екінші мәселе бойынша да құзырлы орган өкілдері тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.

«Екіншіден, Жамбыл облысында 140 мың гектар алқапта жабайы сора өсетіні белгілі (Шу аумағы – ред.). Бұл өнім марихуана мен гашиштің шикізаты болып табылады. Сондықтан осы өңірде арнайы жасақтардың көмегімен үнемі оперативті профилактикалық шаралар ұйымдастырылады. Олар тиісі құрал-жабдықтармен жарақтандырылған», – деп түйіндеді сөзін басшы.

Айта кетейік, бүгін Астанада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҚ) мүше мемлекеттердің есірткіге қарсы іс-қимыл жөніндегі құзыретті органдар басшылары үйлестіру кеңесінің (ЕҚОҮК) 18-отырысы өтіп жатыр.

Іс-шараға ҰҚШҰ Хатшылығының өкілдері, Ресей Федерациясының, Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан республикаларының есірткіге қарсы ведомстволарының басшылары қатысуда. Олар соңғы жылдары шегуге арналған түрлі қоспалар мен спайстардың белең алуына алаңдап отыр. Сондықтан тараптар осы мәселені бірігіп шешу жолдарын талқыға салмақ.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз