Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
14
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Қазақстанның төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі өтті

Отырыста сондай-ақ өнеркәсіптік кооперацияның халықаралық қызметі, Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) техникалық реттеуді жетілдіру, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мүше мемлекеттердің заңнамаларын үйлестіру мәселелері талқыланды. Стандарттық үлгі түрін және өлшем құралдарының үлгісін бекіту Тәртіптері қабылданды, бұл бизнес пен саудаға қосымша жағдай жасауға, өнімдерді сынау нәтижелерін өзара құптауға мүмкіндік береді.

ЕАЭО аумағында адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз ету мақсатында «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы» техникалық регламенттер қабылданды.

ЕЭК Кеңесі аясында биомедицина, ғарыш және геоақпараттық технологиялар, фотоника салаларындағы басым технологиялық тұғырнамалар анықталды.

Еуразиялық технологиялық тұғырнамалар ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің 400-ден астам жетекші ғылыми және өнеркәсіптік ұйымдарын біріктіруге мүмкіндік береді. Ұйымдар перспективалы салалардағы 130-дан астам ортақ инновациялық кооперациялық жобаларды қарастыруды ұсынды.

Еске сала кетейік, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Мәскеуге жұмыс сапары аясында РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында екі ел арасындағы ғарыштық және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастықтың даму келешегі мен қазіргі жағдайы қарастырылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз