Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Қазақстанға Ресей мен оның рублінен құтылу керек!» — экономист

2016 жыл Қазақстан экономикасы үшін нағыз дағдарыс жылы болды. Екі жыл ішінде өнеркәсіп көлемі 11 пайызға құласа, бөлшек сауда 24 пайызға азайып, несиелендіру бағдарламалары 53 пайызға қысқарған.

Қазақстандық экономист Денис Кривошеевтың пікірінше,

үкімет осылай қарап отыра берсе, экономика мүлдем тоқтап, тоқырау жалғаса береді.

— Қазақстан экономикасы қиын жағдайда, — дейді ол. — Біз әлі күрт арзандаған мұнай мен инфляция салдары сияқты тәуекелдерді еңсерген жоқпыз.

Біз мемлекеттік қаржыны құю есебінен күн көріп жатырмыз. Бірақ бұл шексіз жалғаса бермейді. Оның үстіне,

Қазақстан – жемқорлар елі болғандықтан, мемлекеттік ақша тек жоғалып кетеді, немесе шашылып кетеді

Дағдарысқа қарсы қолға алынған көптеген мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі күмән тудырады.

Нәтижесінде, біз салықты аз жинап, Ұлттық қорға барған сайын аз ақша аудара бастадық (толығырақ„Қазақстан Ұлттық қоры неге жүдеді, кім кінәлі?„ ред.). Құлдырау барлық бағыттар бойынша орын алған: Ресейге сатуды тоқтатқан газдың да бағасы құлдырады, мұнай бағасы да төмендеуде…

Қазақтың Қашағаны кімге керек?

— 2015 жылы Қазақстан 79,46 млн тонна мұнай өндірді. Жылдық жоспар 0,6 пайызға артық орындалса да, бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштің тек 98,3 пайызын құрайды екен…

— Дұрыс айтасыз. Күзде мұнайдың “мінез” көрсетуі басталады. Жақында бізге уәде еткендей, Қашаған „жұмыс істей бастайды„. Бірақ көптен күткен бұл оқиға да көптеген сұрақтар тудырады.

Қашағанның мұнайын қайда жібереміз? Кімге, қандай бағамен сатамыз?

Биліктің басы қатты. “Не істеу керек?” деген сұрақ экономиканың барлық салаларын алқымынан алып тұр. Қазақстан үкіметі бар сұмдықты жасанды түрде басып отыр, бірақ мұндай жасандылық кейін түзелмейтін олқылықтарға әкеліп соғады.

Сонымен, не болуы мүмкін? Ең алдымен күзде доллардың бағасы аспандайды. Мен бұрын талай айтқанмын, керек болса, қазір тағы қайталайын: бүгін доллар бағасы үкімет қалаған деңгейде тұр. Бағамға әсер ететін басқа құрал жоқ. Бірақ

қазіргі 1 доллар 350 теңге дегеніміз — өтірік бағам. Доллар бағамы міндетті түрде өзінің заңды 380 теңге деңгейіне оралады.

Еуразиялық одақты құртып, Ресеймен араға шекара керек!

Дағдарысты еңсеру үшін, құр қаржылық тетіктер жеткіліксіз. Денис Кривошеевтің пайымдауынша,

Қазақстан өзінің ешкімге тәуелсіз екенін шын түсінуі керек.

13988835_1158936840833136_411529996_n

Шекара

— «Faildesigne» деген түсінік бар. Бұл — экономикалық жүйе құрылымының барлығы қате болған дегенді білдіреді. Мәселен, инфляциялық таргеттеу, яғни, шектеуді алатын болсақ, ол тек нарық тауарлар мен қызметтерге толы болғанда орын алуы мүмкін. Бірақ Қазақстанда бәрі тапшы, бұл жоқшылық тек импорт есебінен толықтырылып отыр. Ендеше, біз инфляцияның басым бөлігін сырттан тасымалдап жатырмыз. Сондықтан

біздің басты сорымыз — Ресейден инфляция тасымалдап отырғанымыз!

Бір қуантарлығы, кеш болса да, біз осыны түсіне бастадық…

— Инфляцияның импортталатыны туралы енді ести бастадық. Долларды біз ақша жинау құралы ретінде пайдаланамыз, ал рубльді өзіміздің «аға валютамыз» ретінде қабылдап, оған бүкіл экономикамызды байлап қойғанбыз. Қалай десек те, доллар әлемдік валюта, ал рубльден құтылудың жолы қандай болмақ?

— Ол үшін біз қатаң монетарлық шекара құруымыз қажет.

Ресей мен рубль Қазақстанды орға жығады

— Сіз Кедендік одақтан шығу мүмкін деп ойлайсыз ба?

— Мен мұны қажеттілік деп есептеймін. Шекарамыз ашық болса, Ресей еліміздегі инфляцияға тікелей әсер етеді. Қазақстанның арзан тауары Ресейге шығарылып қана қоймай, сонымен қатар, біздегі бағаны да көтереді. Бізге толығымен Қазақстан мүддесін ұстанып, рубльді неғұрлым қымбаттату қажет.

Қазір басты назарды долларға емес, рубльді өзімізге тиімді дәлізде «ұстауға» аударғанымыз жөн

Рубль 6,5 теңге тұруы тиіс. Ара салмағымыз осындай болғанда, біз Ресей импортын тиімсіз етіп, Ресейден келетін инфляцияға тікелей соққы береміз.

Мақаланың түпнұсқасын 365info.kz сайтынан оқыңыздар

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз