Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
426
0.00
EUR
495
0.00
RUB
5.98
0.00

Қазақстан Ұлттық қоры неге жүдеді, кім кінәлі?

409

1f

Жыл басынан Ұлттық қорға барлығы 609,89 млрд теңге салықтар мен төлемдер түскен

Ұлттық қорға аударылатын салықтар мен төлемдердің 2012 жылы тіркелген соңғы бес жылдағы рекордтық жалпы жиынтығын салыстырғанда қаңтардан шілдеге дейінгі мерзімде олар 3,3 есе (2,05 трлн-нан 0,61 трлн теңгеге дейін), — деп шамалайды Finprom.kz порталының сарапшылары. Сонымен қатар, 2015 жылы басталған қаржы түсімдерінің елеулі азаюы әлемдік нарықтағы мұнай бағасы құлдырауының, мұнай бойынша өндіру және экспорттық көрсеткіштері құлауының тікелей салдары болып табылады.

Өйткені мұнай бағасының жағымды болжамдары жоқ, Ұлттық қорға түсетін салықтар мен төлемдер бұдан былай да салыстырмалы түрде төмен болып қала бермек

Мұндай жағдай Солтүстік-Каспий жобасы (өндірісті жаңғырту 2016 жылдың соңында күтілуде) шеңберіндегі өндіруді коммерциялық деңгейге шығарғанға дейін жалғасуы мүмкін.

Қазақстанның тек екі облысы міндеттемесін орындаған

Егер аймақтар бойынша статистикаға назар аударсақ, келесі дүние анық болады: еліміздің барлық дерлік аймақтары Ұлттық қорға аударылатын түсімдерді елеулі түрде азайтқан.
Ұлттық қор алдындағы міндеттемелерді тек екі — Қарағанды және Алматы облыстары орындаған

f2

Ұлттық қорға жасалатын аударымдарды бәрінен көп мұнайлы аймақтар азайтқан

Күрт құлдыраулар мұнай өндіретін облыстарда байқалады

  • Атырау – 543,38 млрд-тан 348,2 млрд теңге (1,6 есе),
  • Батыс-Қазақстан – 160,83 млрд-тан 85,13 млрд теңгеге дейін (1,9 есе),
  • Маңғыстау – 112,65 млрд-тан 94,08 млрд теңгеге дейін (1,2 есе),
  • Қызылорда – 95,37 млрд-тан 35,11 млрд теңгеге дейін (2,7 есе).

Ұлттық қордың қоры әлі біраз жылға жетеді

Қалыптасқан ахуалға баға беруді, біз экономист Жарас Ахметовтан өтінген едік.

ZHaras-Ahmetov-e1470808983968

Жарас Ахметов

— Әрине, мұның барлығы ұнамсыз дүние, бірақ түзеуге болатын нәрсе.

Бүгін Ұлттық қорға ақшаның аз түскеніне үкімет те, біз де кінәлі емеспіз. Айымыз солай туды

— бір жыл бұрын мұнай бағасы қазіргіден екі есеге қымбат болған. Оның үстіне, мұнай бағасы $40 және одан төменге құлаған кезде мемлекеттің экспорттан ренталық салық алмайтынын ескеру керек.

Бірақ бұл өмірден түңіліп, „ойбай, бәрі құрыды!„ деп, байбалам салудың реті жоқ.

Тіпті, осындай мардымсыз түсім кезінде де біздің Ұлттық қор құрметпен қарайтын деңгейде.

ҚР Ұлттық банкінің бағалауларына сәйкес, ҚР Ұлттық қорының доллар шамасындағы резервтік активтерінің жиынтығы 63,4 млрд долларды құрап отыр. Бюджетке түсетін трансфер 2,7 трлн теңге көлемінде белгіленген — шамамен, жылына 2,7 млрд доллардан келеді. Сондықтан Ұлттық қордағы ақша әлі біраз жылға жететін болады.

Мақаланың түпнұсқасын 365info.kz сайтынан оқыңыздар

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз