Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Қазақша сөйлейік деп елшіні ұялтқан Нұрлан Ноғаев тағы да ұлт мәселесін көтерді

112

Айта кетелік, Жұмекен Нәжімеденов атындағы республикалалық көркем сөз оқу шеберлері сайысы облыста биыл бірінші рет өткізіліп отыр.

Байқау қорытындысы бойынша, атыраулық үміткер Нәзира Әшім бірінші орынды еншілесе, Ақмола облысынан келген Перизат Мұратқызы мен маңғыстаулық Айдос Жұмабаев жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Ал, атыраулық Нұрдәулет Табылдиев, Шығыс Қазақстаннан келген Арайлы Алтаева, Оңтүстік Қазақстаннан қатысқан Назерке Құлжабаева өзара үшінші орынды бөлісті.

Талапакерлерге ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Серік Тұрғынбекұлы, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, жазушы Мереке Құлкенов, филология ғылымдарының докторы, ақын Қадір Жүсіп және Атырау облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов қазылық етті.

Жұмекен Нәжімеденов – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз