Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қаза болған бейбіт тұрғындардың отбасына берілетін материалдық көмек 5 миллион теңгеге ұлғайтылды

Алдында Ақтөбедегі қанды оқиғадан қаза тапқан бейбіт тұрғындардың отбасына 1 миллион теңгеден беріледі деп хабарланған еді. Алайда, бүгін белгілі болғандай, бұл сома 5 миллион теңгені құрап отыр.

5-маусымда Ақтөбе қаласында белгісіз біреулер екі қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге қарулы шабуыл жасады. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, шабуылға қатысушылардың көпшілігі ұсталды. Алты адам әлі іздестіріліп жатыр.

Теракт салдарынан 7 әскери және бейбіт тұрғын қаза тапты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына облыс әкімдігі барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.

Қаза болғандардың арасында «Паллада» қару-жарақ дүкенінің 44 жастағы сатушысы Андрей Максименко, 69 жастағы зейнеткер Николай Онищенко бар. Олар қылмыскерлердің кездейсоқ құрбандары болды. «Күзет» қызметкері 35 жастағы Мерхан Тәжібаев қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапты.

Осы қайғылы оқиғаға байланысты, бүгін – 9-маусым елімізде қаралы күн деп жарияланды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз