Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазаққа қой мінез, жасық мінездің қажеті жоқ! Шешендер ұлын қалай тәрбиелейді?

321

“Мен Шешенстанда өмір сүрдім, алғаш мектепке барғанымда шешен баласымен төбелесіп қалдым. Ата-анамызды шақыртқанда менің шешем, оның əкесі келді.

Менің шешем:
– Балам, енді төбелеспе, бұзықтық жасама, жарай ма?! – деп тəрбиелесе, əлгінің əкесі баласының жағынан тартып жіберіп:
– Осы «сасық» орыстан жеңілдің бе, келесі жолы аямай сабап таста, өмір бақи қорқып жүрсін, – деді.

… Кейін есейдік, 16 жасқа келгенімде мені шешен балалар сабап кетті. Ең сорақысы, сол жанымда бірге оқитын 15 орыс қарап тұрды. Əлгілердің бірін ұстап алып ұрып жіберген едім, кейін үлкендері келіп кездесетін жерді белгілеп кетті, «пышақтаймыз» деп сес көрсетті. Бірақ, менімен ешкім бармады, жалғыз бардым.

Олар өр рухты болатын, менің жауынгерлік мінезіме риза болып жекпе-жек ұйымдастырды. Аяғым сынып ауруханаға түстім.

Сонда əлгі жігіттің əкесі келіп:
– Сен жауынгер екенсің, менің үйіме қонақ бол, – деп ризашылығын білдіріп кетті.

Кейін Шешенстанда өте қиын уақыт басталды, аумалы-төкпелі заман орнап, орыстар үлкен қиындыққа душар болды. Сыныпқа келіп шешен жігіттері əдемі 2-3 орыс қызын «теріп» əкететін, кейін жергілікті авторитеттерге сыйлап жібереді екен.

Ал біздің басымыз бірікпейтін. Айталық, екі орыстың үйі тұрса, шешендер бір үйді өртеп жатса, екінші үйдегілер қимылсыз қарап отыратын. Олар келесі кезек өздеріне келетінін білсе де, олардың да үйі өртеліп, əйелі мен қыздары зорланатынын, дүние-мүлкі ұрланатынын сезсе де, қимылсыз қалатын еді. Кейін ойлап қарасам, бұл біздің «қой» деңгейіне түскеніміздің шегі екен…

Кейін мен орыстың арнайы жасақ («спецназ») отрядына түстім. Дəл сол уақытта атақты Дудаевтың (Шешенстанның саяси қайраткері, 1990 жылдары шешендерді Ресейден бөлектеу қозғалысының көшбасшысы болған) соғысы басталды.

dalanews06.01jpgБір жолы біз шешен əскерінің қоршауында қалдық. Жауынгерлерді жігерлендіру үшін: «Мен кеше видео көрдім. Шешендер тұтқынға түскен 10 сарбазымызды қалай бауыздағанын мақтанып таспаға түсіріпті. Білсеңдер, ол сарбаздардың алдында тек екі таңдау болды. Мұның бірі – мал сияқты өз өлімін күтіп алу, ал екіншісі – нағыз ерлерше, жауынгерше өлу. Өкініштісі, олар алғашқысын таңдады.

Сол 10 сарбаздың тек оныншысының ғана аяқ-қолы байлаулы болатын, қалғандары бос еді. Пышағын жалаңдатқан шешен жігіті бəрін тізерлетіп қойып, шетінен бауыздап келе жатты. Анығында, әлгі шешеннің алдында тізерлеп тұрған орыс сарбаздары келесі кезек өзіне келетінін, өзін де дәл солай өлтіретінін білді. Бірақ, соған қарамай қарсыласқан жоқ. Олар қой секілді еш қарсыласпай өлуді жөн санады. Олар қаруға ұмтылып жауынгерше өлгенді емес, хайуан секілді қарсылықсыз өлгенді таңдады. Сіздерше бұл дұрыс па? Жоқ! Біздің де алдымызда екі таңдау бар, не малша арам өлеміз, не жауынгерше айқасып өлеміз!» – дедім мен.

Сөзім әсер етті-ау деймін, жігерленген отряд шешен əскерінің быт-шытын шығарды.

Сондағы жауынгерге деген құрмет, ең үлкен сыйлық – Дудаевтың рациядан:
«Орыс спецназдарын тұтқынға түсіруге тырыспаңдар, бірден өлтіріңдер!» деген бұйрығы еді. Демек, олар бізді жауынгер ретінде мойындады деген сөз.

Шынымен, «қойы көбейген қоғамды көрінген талайды». Қазақтың жігері біреуден мұқалуға, жігіті өзге жұрттан таяқ жеуге, компания басшылары өз тілдерін қыстап үйретіп, қыздарымызға көзін сүзуге, қарындастарымызды ақшамен арбауға, қазаққа тіл тигізуге, кемсітуге тиіс емес!

Ол үшін жігіттер пернетақта бетінде «намыс» деп жазбай, «бір тудың астында» бірігуіміз қажет! 14 жастағы баладан 50 жастағы ел ағасына дейін «намыстың туын» құлатпауы керек, соны биік ұстауы тиіс! Анығында, дәл қазір бізге қой мінез, жасық мінездің қажеті жоқ. Қазіргі заман қасқыр мінез ерлердің заманы.

Ал бұл жазбадан етектен тартар ит құсап бүліктің иісін сезгендер қатты қателеседі. Біздің мақсат – қазақтың еркек кіндіктілерін ер мінездікке жетелеу ғана…”, деп жазыпты.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз