Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Автобусты ата-аналар сатып әперген”. Аудан әкімі “ол жағын білмеймін” деп азар да безер (фото)

155

Амалдары таусылған ата-аналар балалары үшін бүкіл ауыл болып қаражат жинап, көлік сатып алған. Алайда, оның өзі қайта-қайта сынып, жолдан қалдырды дейді көпшілік. Жалпы, Еркін ауылының 20-ға жуық оқушысы Қарабөгет ауылына барып, білім алуда. Себебі, аталған елді-мекенде тек бастауыш сыныбы ғана бар.

«Балаларымыз жиі сабақтан қалады. Білімдеріне қатты алаңдаймыз. Мектепке тасуға негізі екі көлік берді. Бірақ екеуі де ескі. Жүргенінен тұрғаны көп. Қазір бұзылып жүргізушінің ауласында тұр. Ауыл болып ақша жинап, көлік сатып алдық. Оның өзі де ескі», – дейді ауыл тұрғыны Құдайберген Жұмағалиев.

«Бәріміз жабылып қыста суықта итереміз. Іші өте суық. Және есігі дұрыс жабылмайды. Ашылып қала береді», – дейді 10-сынып оқушысы Балнұр Қасымханова.

Ал, Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Марат Разбеков Еркін ауылы тұрғындарының жағдайынан хабарсыз болып шықты. Көпшіліктің өз еріктерімен көлік сатып алғандығы шенеунікті таңғалдырды. Енді әкімнің орынбасары аталған мәселенің мән-жайын анықтап, тексереміз деп отыр. Қажет болған жағдайда мәселені шешіп береміз деп уәде берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз