Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ауылшаруашылығы министрлігі жанынан арнайы штаб құрылды – Сағынтаев

Жер комиссиясының алғашқы отырысында қабылданған шешімдер мен алдағы отырыста қаралатын мәселелерге қатысты жоспармен бөліскен Бақытжан Сағынтаев айтылған әрбір ұсыныстың ескерусіз қалмайтынын айтты.

– Өздеріңіз білетіндей қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан арнайы штаб құрылып, өз жұмысын бастады. Cаll-орталық тәулік бойы қызмет көрсетеді. Сенім телефоны  – 1434-ке де хабарласуға болады, — деді бірінші вице-премьер.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев қазір әрбір облыс орталығы мен «Нұр Отан» партиясының аймақтардағы филиалдарының жанынан арнайы қоғамдық кеңестер құрылып, белсенді түрде жұмыс істеп жатқанын да тілге тиек етті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз