Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Ауылдың жолдарын жаңалау керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұл туралы Baq.kz Хабарлайды.

– ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев «Астанадан басқа өңiрлерге дейiн» тұжырымы бойынша автожолдар желiсiн салуды тапсырды. Қазақстандағы автомобиль жолдары – негiзгi жол, ал көптеген өңiрлер үшiн жалғыз қатынас жолы болып табылады. Өңiр арқылы жол өткiзу – өңiрлiк бизнестiң өнiмдiлiгiн 1,5 пайызға арттыратыны туралы мамандардың пiкiрi бар. Жол құрылысы жұмыстарының сапасына және қаражаттың тиiмдi жұмсалуына ерекше назар аудару керек. Елбасы айтқандай әрбiр теңге қатаң бақылауда болады, – дедi Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, елiмiздегi жол тораптарының сапасы қоғам қажеттiлiгiне толық сәйкес келе бермейдi және мұны мойындау керек. Көптеген автомобиль жолдарының жағдайы сын көтермейдi.

– Дүниежүзiлiк экономикалық форумның берген бағасына сәйкес, Қазақстан жол сапасы көрсеткiшi бойынша 107-шi орында тұр. Ауылдық жерлердегi жолдарды жаңғырту мәселесiн де қолға алу қажет. Бұл агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуға және ауыл тұрғындарының әлеуметтiк жағдайын жақсартуға оң ықпалын тигiзедi, – дедi Сенат төрағасы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз