Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
19
USD
444
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.82
0.00

«Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталды

169

Биыл Жамбыл облысы әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ ЖОФ арасында 2023-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасалынды.

​Бағдарламаға 2 млрд теңге қаражат бөлінді (1 млрд – жергілікті бюджеттен, 1 млрд – «Отбасы банк» АҚ тарапынан).

​​Жобамен биыл 140 жасты баспанамен қамту жоспарлануда.

Жоба жас мұғалімдерге, дәрігерлерге, медбикелерге, мәдениет саласының қызметкерлеріне, спортшыларға, жаттықтырушыларға, журналистерге, университет оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерге баспаналы болу үшін жеңілдетілген шарттармен ипотека алуға мүмкіндік береді.

Былтырғы бағдарламамен салыстырғанда биыл бағдарлама талаптарында бірқатар ерекшеліктер бар, оның ішінде бағдарламаға қатысушылары төмендегі сала қызметкерлерімен толықты: жекеменшік балабақшалардың тәрбиешілері, ЖОО ғылыми қызметкерлері (былтыр ғылыми зерттеу институттың ғылыми қызметкерлері ғана болған), Діни зерттеу орталығының қызметкерлері, коммуналдық мемлекеттік мекемелердің денсаулық сақтау саласының бейінді қызметкерлері, мәдениет саласы бойынша – коммуналдық мемлекеттік мекемелердің негізгі сала қызметкерлері (мемлекеттік қызметкерлерден басқасы), спорт саласы бойынша коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жаттықтырушылары (оқытушылары).

Үміткердің жасы 35-тен аспауы керек. Бағдарламаға қатысушылардың Жамбыл облысындағы ресми жұмыс өтілі өтініш берген кезде соңғы 12 айдан кем болмауы тиіс. Табысы да ескерілетін болады. Отбасының әрбір мүшесі үшін ол 3,9 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек (1 КМ – 37 389 теңге). Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлкі болмауы керек.

Бүгінде облыста 14 пен 35 жас аралығында 351 138 жас тұрады. Бұл – облыс халқының 30,5 пайызы. 7 140 тұрғыны баспана кезегінде тұр. Жалпы, Жамбыл облысында асарлатып үй салу жобасы бойынша 2020-2022 жылдар аралығында 338 отбасы баспанамен қамтылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз