Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Атырау тұрғынын өзінің әйелі мен балдызы өлтірген болуы мүмкін

https://kaz.365info.kz/khatty-selkildetedi-eken-byrkit-ajelin-tokhtata-almaj-khaldy-video-330999

“Қылмысқа не себеп болғанын жеңгеміз айтпады. Бірақ әжеміздің пәтері бар болатын. Сондағы үлесін менің анам үлкен қызының атына аударды. Содан кейін жиі айқай шығатын болды. Тіпті қызы ағамызды пышақпен де жарақаттады. Бірақ ол өз баласының үстінен полицияға арызданбаған еді”, деді марқұмның қарындасы.

Викторияның айтуынша, ағасын өлтіруге өзінің екі қызы да  атсалысқан. Олардың бірі әкелерін әуелі дәрі беріп ұйықтатып, артынша иық тұсына екпе де салыпты. Александр ұйықтап кеткен соң, оны барлығы көпшікпен тұншықтырған. Душ саламыз деген желеумен жұмысшыларға жер қазғызып, денені түн ортасында сонда апарып бетондап тастапты. Кейін ойларынан айнып, мүрденің үстінен душ емес, тауық қора тұрғызған.

https://kaz.365info.kz/tesik-khyzdy-khajtesin-zhan-ahmadiev-tagy-da-ygittep-zhatyr-video-330962

“Дәл осы жерде 6 жыл бұрын болған қанды қылмысты жасады деген күдікпен ұсталған екеу қазір тергеу абақтысында. Ал қылмыстың аяқасты ашылуына олардың бірінің екіншісінен ақша бопсалауы себеп болыпты”, деді ол.

Яғни күдіктінің бірі Павел Шигаев «ақша бермесең, айтып қоямын деп» әпкесін қорқытқан. Ал ол Шигаевтің үстінен полицияға арыз түсіріпті. Тәртіп сақшыларының қолына түскен 23 жастағы жігіт қылмыстың қалай болғанын тәптіштеп айтып берген соң, марқұмның әйелі Юлия Шамшодинованың қолына да кісен салынды.

“Адамды өлтіру дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 99 бабының 2-ші бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде”, деді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі.

Бейресми ақпаратқа қарағанда, марқұмның қос қызы әуелгіде аналарымен бірге қамауға алынғанымен, кейін олар бостандыққа жіберілген. Алдағы уақытта олар қылмыстық іске куәгер ретінде тартылуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз