ҚР сыртқы істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Аян Дүйсембаев Атырау облысы ішкі істер департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды.
«Атырау облысында дүниеге келген Аян Сәбитұлы Дүйсембаев соңғы төрт жыл Атырау облысы ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Ол – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, әр жылдарда ішкі істер органдарында қызмет етті, ҚР ішкі істер министрлігі аппаратында жұмыс жасады, Алматы және Астана қалалары ішкі істер департаменті басқармаларының бастығы болды, ҚР ішкі істер министрлігі департаменттерінің бірін басқарды», – деп хабарлады аймақтық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін облыстық ішкі істер департаментінің бастығы болған Арман Жалмұханбетов Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің кадрлар резервіне ауыстырылды.