2025 жылдың қарашасында Атырау халықаралық әуежайында жолаушының әзілінен кейін әуежайдың жұмысы уақытша тоқтаған еді. Жолаушының үстінен іс қозғалғаны белгілі болды. Бұл туралы 365info.kz сайты Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әуежайда «Атырау – Алматы» рейсінің жолаушысы тіркеу қызметкерлерінің «қол жүгінің ішінде не бар» деген сұрағына әзілдеп, «бомба бар» деп жауап берген. Облыстық көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, әуежай қызметкерлері жедел әрекет етіп, жолаушылар эвакуацияланып, әуежай аумағы қоршауға алынған. Барлық рейстер уақытша тоқтатылған. Жүктi тексеру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тиісті жедел қызметтер оқиға орнына шақырылды. Арнайы қызмет өкілдері жүргізген тексеру барысында бұл ақпарат расталмаған.