Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
2
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
6.04
0.00

Атышулы Калачи ауылындағы ұйқы ауруының себебі анықталды

Ұйқышылдық ауруы Калачиде 2013 жылдың 24 наурызынан басталған. Осы уақытқа дейін 133 адам қалың ұйқыға кетіп, аудандық, облыстық тіпті Астанадағы  ауруханаларға жеткізіліпті. Аудандық бас дәрігердің айтуынша, бұл дерттің  басты белгісі –

адам ағзасы әлсіреп, мидағы қан айналымы бұзылады.

– Ұйқышылдықпен ауырған науқастардың жас мөлшері 3 жастан 70 жасқа дейін. Оларға мидағы қан айналымын жақсарту үшін және миды қоректендіру үшін емдеу шаралары жүргізілді, дейді Есіл аудандық  ауруханасының бас дәрігері Қабдірашид Алмағанбетов.

Аурудың себебін анықтау үшін еліміздің және Ресейдің білікті мамандары Калачиде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Есіл ауданының әкімі Аманбек Қалжановтың айтуынша, мамандар  аурудың туындауын ашық жатқан уран шахтасынан шыққан радон газының ауаға таралып,  суға араласуымен байланыстырып отыр.

2013 жылға дейін Калачиде 300-ге жуық отбасы тұрып келген. Аудан әкімінің қауіпті дейтін себебі  ұйқышылдыққа дейін, бұл ауылда онкологиялық аурудан  жылына шамамен  35 адам қайтыс болады екен.

– Радон жалғыз жүрмейді. Радон Уранмен ілесіп жүреді әрқашан. Радон ол инертті газ. Ураннан бөлініп шығып альфа сәулелер бөледі. Ал, альфа сәулесі дегеніміз ол радиактивті бөлшектер. Егер көп мөлшерде ауаға таралып, сумен араласса адам организміне кері әсерін тигізеді. Түрлі онкологиялық аурулар пайда болады, – дейді  химия ғылымдарының кандидаты Нұргүл Нұрмұханбетова.

Сондай-ақ, химиктің айтуынша, радонның салдарынан адамның иммунитеті әлсіреп, қан айналымы бұзылады. Сондықтан, өңірді зерттеген мамандардың ұйқышылдық  радоннан деген тұжырымы шындыққа саяды дейді.

1436525191g0yqb

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз