Қазақстандық жұлдыздар жарнамамен айналыса бастады.
Ұсақ-түйек емес, нақты, бағалы брендтерді жарнамалау ісін алғашқы болып Мейрамбек Беспаев қолға алыпты. Өзінің Инстаграмдағы парақшасында Беспаев “Қазақстанда жасалған” сағатты таныстырған екен. Брендтің аты – “Отан” сағат компаниясы деп аталады, яғни, otanwatches.
Бірақ, Мейрамбектің жарнамасы Бүркітке қарағанда өтімдірек болған сияқты. Әлеуметтік желідегі қауымды және өзінің жазылушыларын сағатты сатып алуға шақырған Беспаев суретінің тұсына бір шумақ өлең жазған:
“Өтсе де күлкісіз қанша күн,
Өтсе де ұйқысыз қанша түн.
Бақыттың барына сенейік,
Уақыттың бағалап əр сəтін…”, – дейді.