Нұр-Сұлтан
Қазір
26
Ертең
19
USD
448
+2.63
EUR
480
+2.91
RUB
5.53
-0.03

“Ата-ана тыйып әлек, ал министрлік тез есейтіп әлек”. Оқулықта тыр жалаңаш адамның суреті неғып жүр?..

465

Бұл жайтқа қатысты әртүрлі пікірлер жазылған. Біреулері бұл тақырыпты қалжыңға да айналдыруға тырысқан: “Олар барлығы жабылып, қабанды сұлатып салып, жалаңаш досына киім тігіп бермекші” дейді. Ал тағы бірі білім саласын масқаралайтын мұндай кітапты өртеп жіберуді ұсынған.

Қалай дегенмен де біз – ата-аналар балаларымызды тыйып, түрлі анайы ақпараттардан қорғап әлек болып жүрсек, министрлік, керісінше, балаларымызды тез есеюуіне „ат салысып„ бағып келеді. Естеріңізде болса, ҚР Парламенті Мәжілісінде мүшеқаптың не екенін түсіндіретін пәнді 1-сыныптан енгізу туралы ұсыныс та айтылған. Ол біразға дейін дауға ұласып, оны әрең дегенде тыйып едік.

Ал биыл Алматыда №35 гимназияда 5-6-сынып оқушыларына сексуальдық тақырыпта тест жүргізілгені анық болды. Ата-аналар шулаған соң ҚР Білім және министрлігі тексеру жүргізіп, аталған шараның заңсыз деп тауып, мектеп директоры мен биология мұғалімін жұмыстан қуған еді.  Мәселен, ол тестте „Сіз секстің қай түрін таңдайсыз„ немесе „Бір рет жанасқаннан СПИД тез жұға ма?„ деген мағынада ашықтан ашық сұрақтар талқысы ұсынылған. Ол кезде мектеп басшылығы бұл СПИД орталығының өтініші еді деп өз әрекетін түсіндіруге тырысып көрген. Ал СПИД орталығы мектептегі бұл тестке еш қатысы жоқтықтарын айтып, ат-тонын ала қашқан.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз