Қарағандыда көшедегі бейнебақылау камерасы Қасым Аманжоловтың ескерткішіне мініп алған екі жас жігітті түсіріп алған.
Тентектерді біреу суретке де түсірген. Ескерткішке полицейлер барамын дегенше, олар қылжақтап, камераға күліп ойларына келгенін істейді. Ал тәртіп сақшыларын көрген кезде бірден алды-арттарына қарамай қаша жөнеледі. Алайда көпке ұзап кете алмаған.