Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Астананың жасыл белдеуі 30 мың гектардан асуы мүмкін

1998 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Астана қаласының жасыл белдеуін құру жобасы қолға алынған болатын. Жобаның бірінші кезеңі, яғни 1998-2004 жылдар аралығында 12 млн-нан астам тал отырғызылды. Ал 2009 жылы Мемлекет басшысы жобаның екінші кезеңін жүзеге асыруға тапсырма берген.

  • Осы уақыттан бастап, екінші кезең бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2012 жылдан 2016 жылға дейін 4 мың гектардан астам жер игерілді. Яғни 1 млн 846 мың 560 түп ағаш отырғызылды. Оның 56%-ы қылқан жапырақты, ал 44%-ы кәдімгі тал. 11 мың 52 га аумаққа көшет отырғызылды. 2017 жылдан бастап әуежай аумағындағы 459 га жерді игере бастаймыз. 2030 жылға дейін Астана қаласының әкімдігі қосымша 14 мың 827 га жерді жасыл белдеуге айналдырады. Бірнеше жылдан кейін елорда аумағындағы жасыл желекті орманның аумағы 30 мың га құрайтын болады, – деді басшы.

Сонымен қатар, Мәулен Саманбетов жасыл желекті орманда демалушылар үшін велосипед жолы салынып жатқандығын атап өтті. Оның пікірінше, бұл шаһарда салауатты өмір салтын ұстанатын жастардың қатарын көбейтуге септігін тигізбек.

  • Велосипед жолын салу екі кезеңнен тұрады. 2011 жылы біз 4 127 метрді құрайтын велосипедке арналған жол салдық. Бүгінде аумағы 19 мың 127 м болатын жол салынуда. Ол Қорғалжын мен Қараөткел тасжолдарын біріктіретін болады. Велосипедшілерге арналған жолды қыркүйек соңында аяқтаймыз, – деді ол.

Сонымен қатар, Астана көшелерінде отырғызылатын ағаштардың басым бөлігі «Астана-Көгалдандыру» АҚ-ға тиесілі  №1 тәлімбағынан алынады екен. Аталмыш компанияның Өндіріс бөлімі басқарма төрағасының орынбасары Бибігүл Бектемісованың айтуынша, бүгінде тәлімбақта ағаштың көптеген түрі өсіріледі.

  • Жыл сайын 20 мыңға жуық үлкен және 100 мыңға тарта кіші түп ағаш отырғызылады. Биыл қалаға 40 мың ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз. Тәлімбақта көбінесе қарағай, Сібір шыршасы, терек, қайың бар. Жыл сайын жаңа ағаш түрлерін өсіруді қолға аламыз. Оның ішінде Алтайдың жөке және үйеңкі ағашы бар. Тәлімбақтың аумағы 349 га құрайды. Мұнда 50-ге жуық ірі ағаштың түрі бар. Олардың жасы шамамен алғанда 20 жылды құрайды. Сәнді және жеміс беретін ағаштың 34 түрі бар. Олардың биіктігі – 9-11 метр. Олар тек Астана қаласы үшін өсіріледі. Олар жергілікті климатқа беймделген, – деді маман.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз