Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Астананың миллионыншы тұрғыны болып ұлықталған сәбиге Саида деп ат қойды

Өткен түнде Астанада өмірге келген миллионыншы елордалық ұлықталып, оның ата-анасына пәтер кілті табыс етілген еді. №1 қалалық перинатальдық орталықта дүниеге келген қыз баланың анасы Арайлым Мұхамедияр қаладағы №9 балабақшаның тәрбиешісі, ал әкесі Олжас Мұхамедияр Астанадағы энергетикалық компанияда электромонтер болып жұмыс істейді. Олар тұңғыштарына бүгін Саида деген есім берді.

– Бүгін мен үшін қос бірдей қуаныш. Әкемнің туған күнінде қызым өмірге келді. Енді, міне, пәтер кілтін табыс етіп отыр. Жасалып жатқан барлық жағдайлар үшін Мемлекет басшысына алғыс айтамын. Еліміздің халқы күн санап, жыл санап өсе берсін деп тілеймін. Әрбір жан әке бақытын, ана бақытын көруіне тілектеспін, – дейді бақытты әке.

Қала әкімдігі өкілдерінің айтуынша, ата-анасы сәбиді Саида деп атауды жөн көріпті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз