Астанада журналист әйелдің өліміне қатысты күдіктінің тұлғасы анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев мәлімдеді.
Қайғылы оқиға кеше, 24 қыркүйекте, түнде орын алған. Журналист Ирина Бекетованы онымен бірге тұрып жатқан Анатолий Гусейнов өлтірген. Ер адамның мұндай әрекетіне қызғаныш себеп болыпты.
«Анатолий Гусейнов оны подъезде ер адаммен тұрған жерінен көрген. Артынша марқұм мен Гусейнов сөзге келіп қалған. Марқұмның танысы олардың ұрысып жатқанын көргеннен кейін кетіп қалады. Алайда кетіп бара жатып, оның Ирина Бекетованы ұрып жатқанын естіген. Кері қайтып келген кезде әйелдің ес-түссіз жатқанын көріп, жедел жәрдем шақырады. Бұл кезде Гусейнов белгісіз бағытта қашып кеткен», – дейді Садубаев.
Белгілі болғандай, Бекетова мен Гусейнов ресми түрде некелеспеген. Олардың ортақ екі баласы бар.
ІІД мәліметінше, аталған қылмысқа күдікті ретінде Астана тумасы Гусейнов Анатолий Михайлович іздестіріліп жатыр. ол 1984 жылы 23 шілдеде дүниеге келген.
Оны тұтқындау мақсатында елордалық ІІД-нің жеке жеке құрамы мен қосалқы күштері жұмылдырылды.