Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Астанадағы балабақшада 3 жасар баланың аяғы сынып ауруханадан бір-ақ шықты

458

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Үш жасар Мирастың оң аяғының жілігі ортасынан бөлінген. Ол ауыр жарақат балабақшада болыпты. Бет-жүзін көрсеткісі келмеген ондағы тәрбиешісі Мирас әжетханадан шыққан бойда аяғы тайып құлап қалды, аяғы содан сынды дегеннен танбай отыр.

Атасы мен әжесінің ашуын келтірген де осы сөз. Бала өздігінен құласа, одан жілігін сындыруы мүмкін емес дейді. Болған жайды естіген бойда бүкіл тіршілігін тастап, Петропавлдан жетіп келіпті. Олардың айтуынша, аяғы сынып зар қақсап жатса да тәрбиешісі дәрігер шақырмай, ата-анасына хабар берген. Онысы нағыз өз жұмысын білмегендік дейді.

Алматыда екі студент ерітіндіні иіскеп қайтыс болған

“Жатқан кезінде үстінен бала жүгіріп өткен.  Аяғын, санын басып отыр. Немеремем  мына екі бала аяғымды басты деп көрсетеді”, деді Мирастың әжесі.

Ай сайын елу мың теңге төлеп, баласын бақтырып отырған жерде бақылау камерасы да қойылмаған. Соның кесірінен, Мирастың аяғы қалай сынғаны беймәлім болып тұр. Оны өздері де мойындайды.

“Камера орнатылмаған, сол үшін кінәліміз. Бірден жедел жәрдем шақырмадық, оны да мойындаймын. Бірақ, ешкім Мирастың үстіне шығып секірген жоқ. Тәрбиеші нақты болған жайды айтып тұр. Бізге тағы не айтарыңыз бар?”, деді Балаларды дамыту орталығының  меңгерушісі.

Бұл мекеме құжат бойынша “Лотто” балаларды дамыту орталығы ретінде тіркелген. Бірақ  балабақшадан айырмасы шамалы. Тек жас шектеуі жоқ. Бір жарымнан 14 жасқа дейін балаларды қабылдап, жас ерекшелігіне сай топ-топқа бөліп, олардың ой-санасын дамытудан бастап, сабағына дейін көмектеседі. Енді осы үлкен даудан соң беделіне нұқсан келіп басына қар бұлт үйірілгелі тұр.

Ал дәрігерлер Мирастың аяқтан тұрып кетуі үшін көп уақыт керегін айтып отыр. Ал мына болған жайтқа қатысты балалар қауіпсіздігіне салғырт қарау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. Мирастың атасы мен әжесі орталықты  сотқа беріп, қалайда жаптырып тынбақшы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз