Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматыда екі студент ерітіндіні иіскеп қайтыс болған

575

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Марқұм болған қос студенттің бірі Данияр Байдәулет Қазақ ұлттық аграрлық университетінің бірінші курсында оқыған. Білім ордасының өкілдері тек жақсы қырынан танылған студенттің ешқашан сабақтан қалмағанын айтады. Бірақ жеке өмірінде нендей жағдай болғанын білмейміз, оған араласа алмаймыз дейді. Ал қайғылы оқиғаны ата-анасы хабарлаған.

“Данияр Байдәулет құқықтану факультетінде бірінші курс студенті болған. Алматы қаласының тұрғыны. Ата-анасымен бірге тұрады екен. Енді бір күн, екі күн сабаққа келмей қалғаннан кейін кураторлары алаңдайды ғой. Сол ата-анасы хабарласып, осындай жағдай болды  деп айтты”, деді   Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің баспасөз хатшысы.

Ақтөбеде 9-сынып оқушысы сыныптасына пышақ сұғып алды

Ал бақиға аттанған екінші бозбала Диас Бұланбай да бірінші курс студенті. Заңгер мамандығын таңдаған ол Абылайхан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқыпты. Бірақ университет басшылығы студентке қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас  тартты. Тіпті, күзетшілер сағаттап күткен тілшілерді табалдырықтан аттатпады.

Университет ұжымының нендей жайтты жасырғанын түсінбедік. Алайда марқұмның қатарластары оны ашық-жарқын жан еді деп есеке алды.

“Диас жақсы бала. Бәрімен араласатын. Ойнап-күліп жүретін. Бірақ, кім қалай ойлайды, өзі біледі ғой”, деді Абылайхан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенті.

Қос бірдей студент өлімінің түрлі себебі айтылуда. Тіпті, олардың таксикоман екені турасында дерек тарады. Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің байламы да осыған саяды.

“Оларға таксикологиялық  ингаляциялық улану диагнозы қойылған. Карбюраторды тазартуға арналған ерітіндіні иіскеп уланған. Сондықтан сол жағдайдан қайтыс болған”, деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы.

Алайда, қайғылы оқиғаның қалай болғаны жөнінде ешкім тіс жармады. Кейбір дерек бойынша екі студент бір-бірімен ажырамас дос болып, көрші тұрыпты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз