Мектеп оқушылары төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды.
Алайда, оқушының бірі қалтасынан шығарған бәкі іспеттес пышақты қарсыласына сұғып алған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Оқушылар небәрі 14-15 жаста.
Жеңіл жараланған оқушы ауруханаға жеткізілді. Дегенмен екі оқушының ата-анасы шақырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі кезде мәселе шешіліп, екі жақ татуласты. Оқушының қолындағы пышақ суық қаруға жатпайды екен.