Елордада түнде де қоғамдық көліктер қатынайтын болады.
Бұл туралы Астана әкімінің сайтында хабарланды.
Сәуірдің 7-сінен 8-не қараған түні тестілік режимде “Теміржол вокзалы – Халықаралық әуежай” арасында № 200 түнгі бағдар енгізіледі. Астана қаласының Жолаушылар тасымалы басқармасының хабарлауынша, бағдар “Теміржол вокзалы – Біржан сал көшесі – Жеңіс даңғылы – Кенесары көшесі – Республика даңғылы – Қабанбай батыр даңғылы – Сарайшық көшесі – Тұран даңғылы – Достық көшесі – Қабанбай батыр даңғылы – “Пригородный” т/а – Халықаралық әуежай” арқылы жүреді.
Жол жүру ақысы 150 теңгені құрайды.
Қозғалыс аралығы: 30 — 60 минут. Жұмыс уақыты: 23:00 ден 06:00 дейін.