Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Астанада Рақымжан Қошқарбаевтың құрметіне ескерткіш ашылады

232

Сонымен қатар, жоба жетекшісі Рақымжан Қошқарбаев пен Бауыржан Момышұлы көшелерінің бойында қазақ батырына арналған ескерткіштің құрылысы қызу жүргізіліп жатқанын айтты.

– Рақымжан Қошқарбаев ескерткішінің құрылысына 5 құрылыс бригадасы жұмылдырылған. Олар жұмыстарды кезектесіп істейді. Нақты санын айта алмаймын. Себебі, ауа райына байланысты жұмысшылардың саны өзгеріп отырады. Бірақ, 5 жұмысшы ескерткіштің мәрмәр тасын тегістейді, – дейді ол.

Ескерткіш Астанадағы Рақымжан Қошқарбаев пен Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысында орналасқан.

Айта кетейік, Рейхстагтың үстіне жеңіс туын желбіреткен Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе селосының маңындағы қыстақта дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте айрылды: 4 жасында анасы дүниеден өтті. Ал әкесі болса, жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды. Рақымжан Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді. 7 жылдық мектепті бітірген соң, осы арадан Балқаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне жіберілді.

Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30 сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды.

1988 жылы 10 тамызда қазақтың қайсар ұлы Алматыда қайтыс болды.

1999 жылы Рақымжан Қошқарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз