Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Астанада лифт компаниялары тексерілетін болды

Бізде 60-тан астам компания жұмыс істейді.

Алайда, біздің бағалауымызша, осы компаниялардың жартысының жартысын да ғана лайықты қызметкерлері, жабдықтары және тағысын-тағылары бар. Қалған ПИК тұрғындардың келісімінсіз шарт жасасады”, – деп мәлімдеді Әсет Исекешев.

Ол, әкімдіктің заңға лифт компанияларының қызметін ретке келтіруді көздейтін түзетулерді дайындағандығын жеткізді. Ал заң қабылданғанға дейін елорданың барлық лифт компаниялары тексерілетін болады.

“Бұл компанияларды реттеу керек. Олардың мамандары да, материалды техникалық базасы да талапқа сай болуға міндетті. Тұрғын үйлерде 4900-дей лифт бар. Біз оларды тексеріп жатырмыз. Бұл шараларды күшейткен жөн. Бүгінде прокуратураның лифттерді пайдалануға қатысты кезектен тыс тексерістерді жүргізу алгоритмі дайын.

Біздің пайымымызша, бұл тәжірибесі жоқ компаниялардың “ерігетін” саласы емес.

Адамдар қауіпсіздігіне қатысы бар жерде тек кәсіпқойлар жұмыс істеуі керек. Сол себепті, әкімнің орынбасарларына, басқармалар мен басқа да органдардың басшыларына лифттердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды күшейтуді, бақылау және сапа басқармасына барлық 69 лифт компаниясында тексеріс шараларын жүргізуді тапсырамын”, – деді әкім.

Айта кетейік, бұл сұрақтарға әр ПИК пен қызмет көрсетуші ұйымның төрағасы азаматтық қорғау және тұрғын үй қатынастары туралы заңға сәйкес жауапты болады. Құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда, іс құқық қорғау органдарына тапсырылады.

Бұған дейін Исекешев баспана сапасы жайында айтқан еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз