Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Астанада Қазақтану жалпыұлттық жобасы аясындағы байқау өз мәресіне жетті

133

Бұл мәлімет Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) сайтында жарияланды. ҚХА-ның жыл сайынғы жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ҚР Тұңғыш Президенті қарсаңында өтті. Салтанатты шараны ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко құттықтау сөзбен ашты.

Атап өтілгендей, балалардың мемлекеттік тілдегі жарқын туындыларының куәсі болып, жобаның қорытындысын шығару үшін қараша айының соңында елордада жиналу жақсы дәстүрге айналды.

«Қазақтану» жалпыұлттық жобасы аясында жүзеге асырылатын «Мың бала» байқауының мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды сақтау. Тіл – қазына, тіл – қасиет, тіл – жоғары мәдениет. Тіл – тарих пен мәдениеттің жол картасы», – деді Леонид Прокопенко.

Оның айтуынша, кез келген халықтың тарихы оның тілінен басталады.

«Мың бала» 2015 жылдан бастап ҚХА бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылып келеді. Ол мемлекеттік тілді, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін білу арқылы еліміздің өскелең ұрпағының достығы мен бірлігін нығайтуға әрі жақындастыруға бағытталған. «Мемлекеттік тіл – жоғары жетістіктерге жетуге, табысты мансабын құруға ұмтылған жастар үшін – «әлеуметтік лифт». Бұған Қазақстанда мыңдаған мысал бар, біздің жүргізушілер – Павлодар облысының Ақсу қаласынан – Максим, Қостанайдан – Алла, Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских, ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Сергей Коновалов және тағы басқалары», – деп атап өтті ол.

Салтанатты шарада үздік эсселер мен бейнероликтердің авторларына Қазақстан халқы Ассамблеясының марапаттары мен естелік сыйлықтары табыс етілді.

Леонид Прокопенко жоба жеңімпаздарының арасында Қазақстанның болашақ министрлері, әкімдері, журналистері, дипломаттары, әскери қызметшілері, дәрігерлер мен мұғалімдері бар екеніне сенім білдірді.

«Сіздердің бүгінгі жобадағы жетістіктеріңіз – бұл, бүтін Қазақстанның жетістігі. Сондықтан қазақ тілі мен туған жеріңізге деген махаббаттарыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін», – деді Ассамблея Төрағасының орынбасары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз