Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Астанада Ерасыл Әубәкіровтың ісі ішінара қайта қаралуы мүмкін

 

Адвокаттың айтуынша, тергеушілер күдіктілердің туыстарына қылмыстық істің аудио және видеоматериалдарының көшірмесін көрсетпеген. Ал, ол таспаларда елордалық студенттің қалай өлгені және фигуранттардың телефон әңгімелері жазылған екен.

– Басты күдікті болған Аян Мейірбаевтың жауапкершіліктен неге босатылғанын да сол таспалардан қарап түсінуге болар еді, – дейді адвокат.

Әрі заң бойынша күдікті тергеу материалдарымен толық танысуға құқылы. Полицейлер «Ерасылды өлтіруге тапсырыс берді» деген айыппен ұсталған   Аян Мейірбаевты мамырда босатып жіберген болатын. Тергеушілер Өскемендік ірі кәсіпкердің ұлын кінәсіз деп отыр. Оның әрекетінен еш қылмыс таппадық деп,  тергеуді де тоқтатты.

Қалған 3 күдікті Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев пен Нұрбек Әжімбай әлі абақтыда.

Естеріңізге салсақ, биыл ақпан айында  Астанада Медицина университетінің 6 курс студенті 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтың өлі денесі қала сыртынан табылған болатын.  Кейін марқұмды Аян Мейірбаев азаптап  ұрып, қинап  жатқаны түсіп қалған таспа тарады. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз