Астана полицейлері құны 1 млн 700 мың тұратын тонды ұрлаған әйелді іздестіруде.
Оқиға Астананың ірі сауда орталықтарының бірінде болған. Дүкен аралап жүрген әйелдің баласы отырған коляскасына ілінген тонын өзге әйелдің ұрлағаны түсірілген видео Инстаграмм парақшасына жүктелген.
“Абай болыңыздар! Хан шатыры. Тон ұрланды, оның бағасы 1 700 000 теңге. Ұры табылған жоқ”, – деп жазыпты.
Бұл іс бойынша Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі тергеу – тексеру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтады. Азаматтарға адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда жеке заттарына ие болып, сақ болуға шақырады.
https://www.instagram.com/p/BRsH_KEBEi2/