Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Астанада азық-түліктің қымбаттауы шикізат бағасының өсуімен түсіндірілді

Оның айтуынша, бiрiншi сұрыпты ұн бағасының өсуi өндiрушiлердiң көтерме бағаны 7 пайызға көтеруiмен байланысты. Қанттың қымбаттауына да өндiрушiлердiң бағаны көтеруi ықпал еткен.

– Өсiмдiк майы 10,8 пайызға қымбаттаған. Бұған шикiзат бағасының өсуi себеп болған. Жем-шөп базасы мен дәрi-дәрмек бағасының өсуiнен жұмыртқа мен құс етi де қымбаттады. Қара шай құны да көтерiлгені байқалады. Күрiш бағасының 27,1 пайызға өсуi Қызылорда күрiшiнiң жеткiзiлмеуiне байланысты. Қарақұмық 24 пайызға қымбаттаған. Өйткенi Шығыс Қазақстан облысынан қарақұмық жеткiзiлмей отыр. Жемiс-көкөнiс бағасының өсуi қордың азаюы мен биылғы өнiмнiң қымбаттауынан болып отыр, – дедi Александр Лукин.

Оның айтуынша, басқа өңiрлермен салыстырғанда Астанада азық-түлiк бағасы бойынша жағдай орташа деңгейде. Қазiргi уақытта азық-түлiк бағасын тұрақтандыру бойынша тиiстi iс-шаралар қолға алынған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз