Астанада Тұран мен Сығанақ қиылысында автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарады.
«Автобус жүргізушісі Сығанақ көшесімен жүріп, Тұран даңғылына оңға бұрылу кезінде жолды реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелімен кесіп өткен жаяу жүргіншіні соққан. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты», – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Қазіргі кезде қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.