Kazsport телеарнасы Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Астана» мен «Селтик» арасындағы матчты тікелей эфирден көрсетеді.
Бұл туралы арнаның ресми сайтына сілтеме жасаған baq.kz хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік. «Астана» шотландық клубқа қарсылас атанған бірінші қазақстандық команда емес. Осыған дейін 2013 жылы қарағандылық «Шахтер» глазголықтарға қарсы ойнаған болатын. Қарағандылықтар Астанада 2:0 есебімен жеңіске жетіп, қарсыластардың алаңында 0:3 есебімен жеңілді.