Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ескерту: Астана мен еліміздің 5 облысында жолдар жабылды

Алматы облысында сағат 08:30-дан бастап ауа-райының күрт құбылуына байланысты (боран, тұман) “Сарыөзек-Көктал” (40-80 шақырым) автокөлік жолы жүк көліктері үшін жабылды.

Астанада кешкі 19:00-ден бастап күннің аяз болуына байланысты қоғамдық және дизельді автокөлікер үшін барлық бағыттағы жолдар жабылады.

Ақмола облысында сағат 19:00-ден бастап күннің қатты суытына байланысты қоғамдық және дизельді автокөлікер үшін барлық бағыттағы жолдар жабылады.

Шығыс Қазақстан облысында сағат 19:00-ден бастап күннің қатты суытына байланысты қоғамдық және дизельді автокөлікер үшін барлық бағыттағы жолдар жабылады.

Солтүстік Қазақстан облысында сағат 19:00-ден бастап күннің қатты суытына байланысты қоғамдық және дизельді автокөлікер үшін барлық бағыттағы жолдар жабылады.

Павлодар облысында сағат 19:30-дан бастап күннің қатты суытына байланысты “Астана-Ерейментау-Шідерті” (205-259 шақырымында) Шідерті ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аумақ қоғамдық және дизельді автокөлікер үшін жабылады.

Сағат 19:30-дан бастап күннің аязына байланысты “Омбы-Майқапшағай” (426-587 шақырым) автокөлік жолының Кенжекөл ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аумағында қоғамдық көліктер мен дизельмен жүретін транспорттардың жүрісі шектеледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз