Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Астана-Қарағанды, Астана-Көкшетау бағыттарына екі электр пойызы жолға шықты

309

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

Электрлі пойыздар әлемдік қала маңы стандартына толығымен сәйкес келеді. Сонымен қатар олар Кедендік Одақтың техникалық регламентіне де сай. Жаңа құрамда жолаушыларға барлық жағдай жасалған: ыңғайлы жұмсақ кресло, пассивті қауіпсіз креш-жүйе, Wi-Fi базасындағы ақпараттық-ойын-сауық порталы (жолаушыларға жалпы ақпаратты көру мүмкіндігі беріледі, сонымен қатар көңіл көтеретін фильмдер мен ойындар) деректемелерді тіркеп отыратын салондар мен тамбурлардың бейнебақылау жүйесі, қазақ, орыс және ағылшын тілінде жол жүру параметрі туралы ақпараты бар «Жүгіртпе жол» ақпараттық таблосы және тағы да басқалары.

Сонымен қатар мүмкіндігі шектелген жолаушылар вагонға отыру үшін мамандырылған көтергіш, қауіпсіздік белбеумен, жеңіл арбаны бекітуге арналған құрылғы және жолсерікті шақыру үшін жеке батырмасымен қамтамасыз етілген мүгедектер үшін жеке орындар, мүгедек арбасын жылжыту мүмкіндігі үшін есігі кең алаңы ұлғайтылған экологиялық таза дәретхана кешені бар.

Астанадан Қарағандыға шыққан электрлі пойыздың жол бойында 3 аялдамасы бар, олар – Вишневка, Осакаровка, Қарағанды-Сұрыптау станциялары. Астанадан-Көкшетау электрлі пойызының жолында 3 аялдамасы бар, олар – Ақкөл, Макинка, Курорт-Бурабай станциялары. Электрлі пойыз құрамында 2 вагон бірінші класты, 2 вагон екінші класты және 2 вагон үшінші класқа жатады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз