Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қашып жүрген Бакиевтің тоқалы Беларусь президентінің „Минск„ қонақүйін басқарады екен

Бұл қонақүй ресми түрді Беларусь президенті істері басқармасының қарамағына қарайды деп хабарлады ВВС-дің орыс қызметі.

Президент болған Құрманбек Бакиев 2010 жылдан бері қашқында жүр, қазір ол Беларусь Республикасының азаматтығын алып алған. Оған және оның жас тоқалы мен балаларына азаматтықты Беларусь президенті Александр Лукашенконың өзі ұсынған.

Ресми түрде Бакиев бір рет қана үйленген. Бәйбішесінің аты – Татьяна – ұлты орыс.

Ал Назгүл Толомушова Бакиевпен елден қашып кеткеннен кейін бір жылдан соң «Айат» қырғыз газетіне берген сұқбатында Құрманбек Бакиевпен 1995 жылдан бері азаматтық некеде тұрып жатқанын, одан екі баласы барын айтқан.

Бакиев 2005 және 2010 жылдары аралығында Қырғыз Республикасының президенті болған. Ол билікке төңкеріспен келіп, Асқар Ақаевтың орнын басқан еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз