Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Ашынасы бар…”. ОҚО-да әйелін өлтірді деген азаматқа жеңіл жаза кесіліп, шу шықты

178

Медициналық сараптама жұмыстарының нәтижесі бойынша, Жұлдыздың екі қабырғасы, тіл асты сүйегінің сынғаны және денесінен бірнеше жарақат салынғаны анықталған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, көптеген дәлел бола тұра, айыпталушының жазасы он бір жылдан бірден бір жылға қысқартылыпты.

“Жұлдыз қиналып өлген. Оны әдейі өлтірді. Күйеу баламыз Жұлдызды құртып, көңілдесімен бақытты өмір сүргісі келді. Сотта күйеу баламызға “Лола” есімді келіншек хабарласып жүргендігі анықталды.

Осы ойын іске асыру үшін Жұлдызды әдейі өлтірді. Ұрып өлтіргенін медициналық сараптама анықтап берді. Соған қарамастан, қайта қаралған сотта судья сотталушыға бір жыл ғана жаза берді”, – дейді ашынған марқұм келіншектің туысы Анартай Ниязметов.

Еске салайық, сұмдық жағдай 2017 жылдың 24 қаңтар күні Қарабұлақ ауылында орын алған. Осы күні марқұм Жұлдыз Мауленқұловаға белгісіз әйел хабарласып, өзін күйеуінің көңілдесімін деп таныстырған.

Бұл қоңыраудан кейін Жұлдыз күйеуіне хабарласыпты. Отағасы көңілдесі бар екендігін жасырмай, әйелінен үйден жақсылықпен кетуін талап етеді. Кейін Жұлдыздың өлі денесі қорадан табылған.

Ал марқұмның күйеуінің жақындары бұл айыппен келіспейді. Туыстары марқұм келіншектің өзі дарға асылып қалғанын алға тартып отыр. Отағасының жақындары қайғылы оқиға болған күні Еркінжан мен Жұлдыздың арасында ешқандай жанжал болмағандығын айтып берді.

“Екеуі ұрыспаған. Жұлдыздың мінезі жақсы еді. Құдаларымыз бізге әдейі жала жауып, немерелерімізді тартып алмақ. Бірақ менің ана жүрегім сезеді, ұлым кінәлі емес”, – дейді айыпталушының анасы.

Айта кетейік, әйелін ұрып өлтірген деп айыпталған Еркінжан 11 жылға сотталған болатын. Шешімді ауданаралық мамандандырылған соттың судьясы шығарған. Шешіммен келіспеген туыстары аппеляциялық шағымды облыстық сотқа жазған.

Нәтижесінде қайта қаралған сотта айыпталушының жазасы бірден он жылға қысқарып, жеңілдетілген. Үшінші билік өкілдері жазаның бұлай бұрылуына куәгердің сөзі себеп болды дейді.

Марқұм келіншектің туыстары облыстық соттың шешімімен келіспейді. Соңына дейін әділеттікке қол жеткіземіз деген Мәуленқұловтар отбасы Жоғары сотқа арыз жазып, істі қайта қарауды өтінбек.

Ал марқұм келіншектің артында екі баласы жетім қалған. Ата-анасының қарауынсыз қалған баланың үлкені екі жастан асқан, екіншісі бір жаста. Қазір бүлдіршіндер Жұлдыздың жақындарының қамқорлығына алынған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз