Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қаршыға Ахмедияровтың 70 жылдығына арналған «Күй Қаршыға – күй ғұмыр» атты еске алу кеші өтеді

498

Құрманғазы оркестрінде домбырашы, кейіннен концертмейстер қызметтерін атқарған Қаршыға Ахмедиярұлы қайталанбас талант иесі, төкпе күй өнеріне қанат бітірген, күй мұрасын саф қалпында жеткізген күйші.

Рухани  іс-шараның басты мақсаты – күйшінің салып кеткен сара жолын, рухани бай мұрасын жас ұрпаққа насихаттау.

Аталмыш кешке: Қазақстанның халық артисі – Ғафиз Есімов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Айгүл Қосанова, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері – Батыржан Мықтыбаев, Мәдениет қайраткерлері – Тұрарбек Хайралиев, Халес Капизов, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары – Салтанат Құдайбергенова, Абай Қойшыбаев, Венера Алпысбаева, Абылай Тілепбергенов, Төлеген Рахымбаев, Тимур

Тілеуқабылов, Жанаргүл Сәркенова, Ақтоты Ахмедиярова және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері қатысады.
Оркестрдің бас дирижері «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Арман Жүдебаев, дирижерлар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жамағат Темірғалиев, Жанас Бекентұров.

Концертті жүргізуші, Мәдениет қайраткері Тұрарбек Хайралиев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз