Жақында Санкт-Петербор қаласында өткен Әзірбайжан мен Армения президенттерінің кездесуі нәтижесіз аяқталды.
Жақында Санкт-Петербор қаласында өткен Әзірбайжан мен Армения президенттерінің кездесуі нәтижесіз аяқталды.
Сарапшылардың сөзіне қарағанда, ресми Ереван даулы Қарабах мәселесін саяси жолмен емес, соғыс жолымен шешуді көздейді, деп хабарлайды Голос Ислама сайтына сілтеме Baq.kz тілшісі
Бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берген Әзірбайжан басшысы Илхам Әлиев Таулы Қарабахқа нақты мәртебе беруге дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, аталған территорияны «екінші армян мемлекеті» ретінде емес, тек Әзірбайжанның автономды бөлігі ретінде ғана мойындауға болады.
Алайда ресми Ереван оған келіспей отыр. Арменияның сыртқы істер министрі Эдвард Налбандянның айтуынша, Таулы Қарабахтың мәртебесін халықтың еркін дауыс беруі арқылы анықтау қажет. Дегенмен, даулы жерде армяндардың басым екенін ескерсек, дауыс берудің қаншалықты «еркін» болатынын аңғару қиын емес. Бүгінде Армения «берсе қолынан, бермесе жолынан» деп, соғысқа дайындалып жатқанын ашық білдіріп отыр.