Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Қарағанды облысының әкімі сібір жарасы індеті шыққан ауылда болды

Облыс әкімі сібір жарасы індетінен көз жұмған отбасыларда болып, көңіл айтты.

Өңірдегі төтенше жағдайға байланысты Қарағанды облысының әкімі өзінің екі орынбасарына сөгіс жариялап, облыстық деңгейдегі бір шендінің қызметін төмендеткен. Сол секілді аудандық деңгейдегі үш басшыны жұмыстан шығарған.

Қарағанды облысы Шет ауданы Еркіндік ауылында сібір жарасына байланысты төтенше жағдай енгізілді. 15 күн мерзімге карантин жарияланды. Анықталғанындай, ауыл тұрғыны сібір жарасына шалдыққан сиырын сойып, туыстары мен көршілеріне таратып берген.

Төтенше жағдай фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бөлімі 327-бабы бойынша (Індеттің таралуына немесе басқа да ауыр салдарларға соқтырған ветринария ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары қозғалды.

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, 19-21 маусым аралығында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түйнемеге күдікті 8 адам жатқызылған, оның ішінде 10 жастағы бала бар. Олардың екеуі – 33 жастағы әйел мен 49 жастағы ер адам қайтыс болды. Олардың бәрі де Шет ауданындағы Еркіндік ауылының тұрғындары. Кейінірек тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз