Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
477
0.00
EUR
468
0.00
RUB
8.36
0.00

Апта бойына құны төмендеген АҚШ доллары бүгін нығайды

Kurs.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбас орындарында кеше 1 АҚШ доллары 326-328 теңге аралығында сатып алынып, 331-332 теңге аралығында сатылған. Ал бүгін мұнда америкалық валюта 330-332 теңге аралығында сатып алынып, 333-334 теңге аралығында сатылып жатыр. Демек, ресми баға 1 теңгеге түскенімен, бейресми құн 4 теңгеге өскен.

ҚР Ұлттық банктің 10-маусымға бекіткен шетелдік валюталар бағамы мынадай: 1 еуро —375 теңге, ресей рублі — 5,15 теңге, 1 фунт стерлингі — 477,38 теңге, жапон йені— 3,10 теңге, 1 қытай юаньы — 50,34 теңге, 1 қырғыз сомы —4,85 теңге, 100 өзбек сумы— 11,26 теңге болды.

АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы 9-маусымдағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 330,16 теңге деңгейінде нақтыланды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2022 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз